Олимпиада-2024: Қазақстан триатлоннан алғашқы лицензияны жеңіп алды
Триатлоншы Екатерина Шабалина Парижде өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Туған күнім қарсаңында басты сыйлығымды алдым... Олимпиада лицензиясы! Маған сенген отбасыма, достарыма мың алғыс! Сіздердің қолдауларыңыз мені осыған дейін жеткізді... Бұл менің бүкіл спорттық өмірімнің мақсаты болды және мен үшін бұл маңызды және қызықты кезеңді шын жүректен және жан-тәнімен қабылдаймын. Рақмет! Алда мені басты спорттық жарысыма екі айлық тыңғылықты дайындық күтіп тұр. Алға!» — деп жазды Шабалина Instagram желісінде.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық спортшы олимпиадалық рейтинг бойынша Азиядан лицензия алған болатын.
XXXIII Жазғы Олимпиада ойындары Парижде 2024 жылы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или