Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан алғашқы медалін алды, деп жазады Olympic.kz

Ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ақжол Құрманбек күміс жүлдегер атанды. 

Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 285 (129+156) келіні көтерген. 

Алтын медальді египеттік Хуссейн Хамуда Абделрахман (286 келі), қоланы молдовалық Александр Балжи (282 келі) иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или