Олимпиада чемпионы ресейлік cпортшының Қазақстанға ауысуы туралы пікір білдірді

Олимпиада чемпионы ресейлік cпортшының Қазақстанға ауысуы туралы пікір білдірді

Мәнерлеп сырғанаудан 2018 жылғы Олимпиада чемпионы Меган Дюамель ресейлік спортшы София Самоделкинаның Қазақстан атынан өнер көрсетуіне қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілішісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске салайық, Софья Самоделкина Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат алғаны хабарланған болатын. Бұл жаңалыққа 2018 жылғы Олимпиада ойындарының командалық есепте алтын жүлдегері Миган Дюамель X желісіндегі парақшасында пікірін жазды.

«ISU (Халықаралық коньки тебушілер одағы) ресейлік конькишілердің басқа елдерге көшуіне жол бермеуі керек деп ойлаймын. Олар әлі күнге дейін мемлекет қаржыландыратын Ресейдегі бағдарламаны қолдап жатыр», - деп жазды Дюамель. 1

7 жастағы Самоделкина мансабында жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионатында жүлдегер атанып, ересектер арасындағы ел чемпионатында төртінші орын алды.

Сондай-ақ ол ұлттық гран-при кезеңдерінде де алтын және күміс медаль иеленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или