Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: Біздің спортшылар 5 финалда бақ сынайды

Спорттық гимнастикадан әлем кубогі: Біздің спортшылар 5 финалда бақ сынайды

Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup әлем кубогінде қазақстандық спортшылар іріктеуден өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан ерлер командасының 4 спортшысы 5 финалда бақ сынайды. 

Атап айтар болсақ, Дмитрий Патанин мен Асан Салимов еркін жаттығудан финалға өтті. Іріктеуде Патанин 2, Салимов 6-нәтиже көрсеткен. 

Гимнастикалық ат снарядындағы іріктеуде Нариман Курбанов 1, Зейнолла Ыдырысов 2-орынға табан тіреп, ақтық сынға жолдама алды. 

Сондай-ақ, шығыршықтағы жаттығуда 13.600 ұпаймен 8-орын алған Дмитрий Патанин финалдық кезеңде бақ сынайды. 

Бүгін іріктеудің екінші күні өтуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или