Анна Данилина Мароккодағы турнирдің финалына жолдама алды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Анна Данилина Рабат (Марокко) WTA 250 турнирінің финалына жолдама алды.
Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина – қытайлық Сюй Ифань жартылай финалда жапониялықтар Эри Ходзуми – Макото Ниномиямен бетпе-бет келді.
Бір сағат 22 минутқа созылған матчта қазақстандық-қытайлық жұп 6:4, 6:4 есебімен басым түсті.
Олар 1 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.
Жапониялықтар 1 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) шектелді.
Анна Данилина – Сюй Ифань финалда жарыстың 4-ракеткалары, ресейліктер Яна Сизикова – Ирина Хромачёвамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или