OCTAGON 58 турнирінің хайлайты жарияланды

OCTAGON 58 турнирінің хайлайты жарияланды

Еуразиялық жекпе-жек лигасы 17 мамырда Алматыда өткен OCTAGON 58 турнирінің қызықты сәттерін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Басты жекпе-жекте жартылай орта салмақтағы реванш кездесуде ресейлік Хамзат Чапанов (14-3) отандасы әрі бұрынғы чемпион Ричард Тотровты (12-8) жеңді.

Танымал тәжікстандық Камил Каратэ қазақстандық поп-ММА өкілі Нұржан Шудабаевты техникалық нокаутпен ұтты.

23 маусымда OCTAGON 59 турнирі өтеді, оның басты жекпе-жегінде қырғызстандық Муртазали Магомедов (7-0) өзбекстандық Сардор Худойбердиевпен (7-2) жартылай жеңіл салмақтағы вакантты чемпиондық белбеуді сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или