Қазақстан боччадан тарихи медаль жеңіп алды

Қазақстан боччадан тарихи медаль жеңіп алды

Қуаныш Асқарбеков боччадан халықаралық жарыста жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыс Финляндияның Лахти қаласында өтті.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің хабарлауынша, ұлттық құрама қоржынындағы тағы бір қола жүлдені командалық жарыста бақ сынаған Итиана Шыңғысханова, Александр Курмантаев және Қуаныш Асқарбеков жеңіп алды.

Сондай-ақ жекелей сында Итиана Шыңғысханова төртінші, Меруерт Тілебалды бесінші, Балжан Бөлекпаева алтыншы, Темірлан Алтынсары сегізінші орын алды. Жұптық сайыста Темірлан Алтынсары мен Аружан жұбы алтыншы орыннан көрінді.

27-31 мамыр аралығында Астанада боччадан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Бочча - орталық жүйке жүйесінің ауыр түрлерімен және омыртқа жарақаттарымен ауыратын ойыншыларға арналған белсенді дамып келе жатқан спорт түрі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или