Александр Недовесов Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Александр Недовесов Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Италияның Турин қаласындағы жұптық турнирде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эквадорлық теннисші Гонсало Эскобармен бірге Недовесов үндістандық-германиялық жұп Шрирамбалай Нараянасвами – Андре Бегеманнмен кездесіп, екі сетте 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Ойын 1/8 финалдық кезеңде өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или