Нысана көздеуден Қазақстан командасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Нысана көздеуден Қазақстан командасы жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы рейтингілік әлем кубогі қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, , деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап

Жаттығу жиыны Алматыдағы олимпиадалық даярлық орталығында өтуде. Дайындық кезеңіне Қазақстан сапындағы 17 спортшы қатысып жатыр.

Жиын барысында спортшылар ашық ату алаңында шеберілігін шыңдап, Бакудегі әлем кубогінде кеткен қателіктермен жұмыс істейді. Сондай-ақ, физикалық төзімділікті арттыру, бапкерлер құрамымен кеңесу, қобалжумен күресу сынды мәселелер қаралады. 

Оқу-жаттығу жиыны 13-30 мамыр аралығында өтеді. 

Нысана көздеуден Қазақстан командасының бас бапкері - Ольга Довгун. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или