Вьетнамда таеквондодан Азия чемпионаты басталады
Дананг қаласындағы (Вьетнам) таеквондодан Азия чемпионатының жарыс жолына үш отандасымыз шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
63 келі салмақ дәрежесінде Нұрбек Ғазез өзбекстандық Әмірбек Тұраевпен шеберлік байқасады. Ал, 53 келіде жарыс жолына шығатын Айдана Сүндетбай филиппиндік Джессика Канабалмен кім мықтыны анықтайды.
54 келіде ел намысын қорғайтын Бектөре Оралханов саудиялық спортшы Абдуллах Яхия Ассиримен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или