Сандуғаш Кенжебаева Анталияда жарыстың 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Сандуғаш Кенжебаева Анталияда жарыстың 2-ракеткасын жеңіп, жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингіде 1 171-орында тұрған қазақстандық жас теннисші ширек финалда әлемнің – 660, осы жарыстың 2-ракеткасы, германиялық Наталия Сидлискамен сынға түсті.

Бірінші партияда германиялық спортшы бет қаратпады – 6:1. Есесіне екіншісінде Сандуғаш тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:3).

Шешуші, үшінші сетте қазақстандық теннисші шеберлігін көрсете білді – 6:4. Сандуғаш Кенжебаева финалға шығу үшін әлемнің 788-інші, доданың 7-ракеткасы, 18 жастағы марокколық Ая Эль-Аунимен таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или