Шпагамен семсерлесуден әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

Шпагамен семсерлесуден әлем кубогіне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

17-19 мамыр күндері Францияның Сен-Мор қаласында шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем кубогі кезеңі өтеді.

Аталған сынға Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады.

Команда құрамы:

Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Павлов, Никита Жулинский, Александр Федотов.

Спортшыларды кеңесші-бапкер Ференц Тот пен мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов бастап апарады.

Айта кете и, бұған дейін отандық шпагашылар Колумбияның Кали қаласындағы Гран-при турниріне қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или