Қазақстандық спортшы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
Су спорты бойынша әлем кубогы кезеңінде (Париж) 17 жастағы қазақстандық Виктор Друзин күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Qaz_team_official-ға сілтеме жасап.
Көркем жүзу, жеке:
Густаво Санчес (әлем чемпионы) – 204,0210 ұпай
Виктор Друзин – 163,7189
Кеннез Гаудет - 161,6187
Айта кетейік, Виктор Қытайда өткен әлем кубогы кезеңінде де осы спорт түрінен күміс жүлде алған болатын.
Сонымен қатар, кеше қазақстандық спортшы қыздар еркін бағдарламада үшінші болды.
Жапония – 323,3207 ұпай
Канада – 297,5853
Қазақстан – 253,633
(Этери Какутия, Айгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Арина Мясникова, Ксения Макарова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жәния Жиенғазы).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или