русский язык
Басқа

Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатынан тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнастар Азия чемпионатынан тағы екі медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия біріншілігінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшелері жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Olympic.kz.

Ақмарал Ерекешева доп жаттығуы бойынша күміске қол жеткізсе, Дария Көшербаева шығыршықпен жаттығуда қола медаль жеңіп алды.

Топтық жаттығудан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бес шығыршық бағдарламасында күміс жүлдегер атанды.

Айта кетелік, бүгін ересектер арасындағы сында Айбота Ертайқызы таспамен, Эльжана Таниева шығыршықпен жаттығуда чемпион атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;