Душанбедегі дзюдодан «Grand Slam» турнирінің тікелей трансляциясы
Тәжікстан астанасында 3-5 мамыр аралығында тұңғыш рет «Grand Slam» турнирі «Dushanbe Grand Slam 2024»өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Grand Slam» турнирін Душанбеде өткізу туралы бастаманы Душанбе қаласының әкімдігі мен Тәжікстанның дзюдо федерациясы көтерсе, Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) бұл бастаманы қолдады.
Осылайша, 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде әлемнің үздік дзюдошылары әлемдік рейтингтегі ұпайлар мен Олимпиада жолдамалары үшін таласатын «Dushanbe Grand Slam 2024» турниріне жиналады.
Халықаралық дзюдо федерациясының сайтында хабарланғандай, бүгінге дейін «Dushanbe Grand Slam 2024» турниріне қатысуға 72 елден 446 спортшы (242 ер және 204 әйел) өтінім берген.
Ерлер:
73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар
81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар
Тікелей эфир Астана уақытымен 17:00-де басталады. Оны qazsporttv арнасынан көруге болады.