русский язык
Басқа

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегер атанды.

Біздің спортшылар бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

Қазақстандықтар 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпай еншіледі.

Айта кетелік, топтық жаттығудан Қазақстан командасын ресейлік маман Инна Бысьрова жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;