русский язык
Басқа

Ташкенттегі Азия чемпионаты: Эльжана Таниева екі бағдарламадан соң көш бастап келеді

news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия біріншілігі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы қорғауда.

Алғашқы екі бағдарламадан соң (алғашқы он спортшы арасында) Эльжана Таниева бірінші орында келеді. Ол шығыршықпен жаттығуда 34,3, доппен жаттығуда 33,85 ұпай жинап, жалпы есебі 68.15 ұпай иеленді.

Айбота Ертайқызы 65.15 ұпаймен үшінші орында келеді.

Бұл аралық нәтижелер екенін еске саламыз. Көпсайыста жеңіске жеткен спортшы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;