русский язык
Хоккей

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы элиталық дивизионнан түсіп қалды

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы элиталық дивизионнан түсіп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты элиталық дивизионындағы орнын сақтап қала алмады. Қазақстандық хоккейшілер жұбаныш кездесуінде Норвегияға буллиттен жол берді.

Кездесу барысында қос құрама тартысты ойын өткізді. Кездесудің негізгі кезеңі 5:5 есебімен тең аяқталып, овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Буллитте норвегиялық хоккейшілердің жолы болды.

Жиырма жылдан кейін элиталық дивизионға қайта оралған Қазақстан хоккейшілері қайтадан бірінші дивизионға түсіп қалды.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түсті. Қарсыластары - Канада, Швеция, Швейцария және Чехия құрамалары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;