Семсерлесуден Олимпиадаға іріктеу: Екі спортшымыз есе жіберді
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында семсерлесуден Азия аймақтық іріктеу турнирі өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша, қазақстандықтар іріктеуден өте алмады.
Саблямен семсерлесуден Артем Саркисян ширек финалда қарсыласқа жол берді, шпагадан әйелдер арасындағы сында Софья Ақтаева жеңіліс тапты.
Ол финалда филиппиндік қарсыласына бір ұпай айырмасымен жол берді.
Айта кетелік, Азия аймақтық іріктеу турнирінде әр қару түрінен тек жеңімпаз спортшыға квота беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или