Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катарда жаттығу жиынын өткізуде

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катарда жаттығу жиынын өткізуде

Нысана көздеуден Қазақстан командасы Катардың Доха қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Оқу-жаттығу жиынына 49 спортшы қатысып жатыр. 

Жиынның басты мақсаты – Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін рейтингілік әлем кубогі кезеңіне дайындалу. 

Сондай-ақ, жиын барысында команда бапкерлері Рио-де-Жанейрода өткен әлем кубогі кезеңін қорытындылады.

Айта кетелік, аталған сында ең жоғарғы нәтижені Елизавета Безрукова, Консатинтин Малиновский, Валерий Рахымжан көрсетті. Олар 5-орыннан көрінген. 

Дохадағы жаттығу жиыны 30 сәуірге дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или