Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатында күміс медаль иеленді
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындаңы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Фаина Мейірманова биіктікке секіруден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Спортшының көрсеткіші - 1 метр 76 сантиметр.
Сондай-ақ, ол өзінің жеке рекордын жаңартты.
Еске сала кетейік, жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі 24-27 сәуір аралығында өтуде. Құрлық додасына 30-дан аса елдің өкілдері жиналған.
Қазақстан намысын жалпы есебі 42 спортшы қорғауда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или