Қазақстандық бапкер 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Ақмола облысында жаттықтырушы есірткі тасымалдағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Облыстық қылмыстық соттың мәліметінше, Аршалы ауданы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы жаттықтырушысы Астанадан есірткіні сату мақсатында Аршалы ауданына алып бара жатқан жерінде ұсталған. Оның көлігін тінту кезінде жүк салғышынан жалпы салмағы 39 келіден асатын төрт қап гашиш табылды.
Сот ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или