Бокс

Алматыда өтетін турнирде Данияр Елеусіновтің орнына Әли Ахмедов шығады

news-banner7
mobile-news-top

«IBA Champions түні» турнирінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің орнына Геннадий Головкин промоушенінің боксшысы Әли Ахмедов шығады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әли Ахмедов супер орта салмақ дәрежесінде Венесуэла өкілі Карлос Ривераға қарсы жұдырықтасады.

Боксшылар Алматыда 27 сәуірде «IBA Night of Champions» турнирінің басты оқиғасы аясында кездеседі. Осыған дейін 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен Өзбекстан өкілі Саиджамшид Джафаров арасындағы жекпе-жекке жоспарланған еді.

Еске салайық, 28 жастағы Әли Ахмедоврингке соңғы рет 2022 жылдың қыркүйегінде шыққан болатын. Содан кейін Головкин – «Канело» трилогиясының кардында жекпе-жек өткізіп, америкалық боксшы Габриэль Росадоны жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер