Басқа

«Түркиямен бірлескен жиын өткіздік»: Садақ атудан Қазақстан командасы әлем кубогінде бақ сынайды

«Түркиямен бірлескен жиын өткіздік»: Садақ атудан Қазақстан командасы әлем кубогінде бақ сынайды
news-banner7
mobile-news-top

Садақ атудан Қазақстан командасы Қытайдың Шанхай қаласында басталатын әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас бапкер Артем Кичкиннің айтуынша, турнир қарсаңында спортшылар Түркияда жаттығу жиынын өткізген.

«10-20 сәуір аралығында Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиыны өтті. Мұнда Түркия құрамасымен бірге дайындалып, тәжірибе алмастық.

Бұл жиынның басты мақсаты – спортшылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Одан бөлек, олардың психологиясымен, физикалық, техникалық және тактикалық әлеуетін арттыру жағынан жұмыс істеудеміз», - дейді бас бапкер.

Шанхайдағы әлем кубогында Қазақстан намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

Классикалық садақ ату:

Ерлер: Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай, Әлихан Мұстафин, Александр Еременко;

Әйелдер: Алина Ілиясова, Гаухар Игібаева, Диана Тұрсынбек, Алуа Мұхтарханова;

Блоктық садақ ату:

Ерлер: Сергей Христич, Ақбарәлі Қарабаев, Андрей Тютюн, Бунед Мырзаметов;

Әйелдер: Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Эльмира Раисова, Айжан Сейдахметова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер