Басқа

Ескек есу: Азия кубогы кезеңінде Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды

Ескек есу: Азия кубогы кезеңінде Қазақстан екі алтын медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Чунджу қаласында ескек есуден Азия кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар жоғары стандартты екі медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алдымен сегіз спортшыдан тұратын қазақстандық ескек есушілер 2 мың метр қашықтықта М8 бағдарламасы бойынша үздік атанды.

Қазақстандық сегіздік 6:08.60 уақыт көрсеткішін көрсетіп, Оңтүстік Кореяның екі командасын да басып озды.
Одан кейін бір қашықтықтағы қазақстандық төрт қыз (W4x) Оңтүстік Корея мен Филиппинді артқа тастап, 6:58.87 уақыт көрсеткішпен үздік болды.

Қазақстандық ескекшілер , тағы бір күміс пен қола медальмен марапатталды. Қазақстан құрамасы M2-FA бағдарламасында 2 мың метр қашықтықта екінші орынға ие болды. Дәл осы сегмент, M4x-FA бойыншы қола алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер