Басқа

Айдос Сұлтанғали – Олимпиада лицензиясының иегері

Айдос Сұлтанғали – Олимпиада лицензиясының иегері
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (60 кг) Айдос Сұлтанғали Бішкекте Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айдос жартылай финалда Қытайдың Тайпейінен келген спортшының жауырынын жерге тигізді. Отандасымыз ширек финалда Тәжікстан өкілі Асламджон Азизовтан 2-1 есебімен басым түскен.

Осыған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола медаль, Азия чемпионатында алтын алған Сұлтанғали алғаш рет Олимпиадада сынға түскелі тұр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер