Басқа

Спорттық гимнастика: Милад Карими әлем кубогінде чемпион атанды

Спорттық гимнастика: Милад Карими әлем кубогінде чемпион атанды
news-banner7
mobile-news-top

Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. Оның бірі – алтын, екіншісі – қола жүлде.

Алтын медалді еркін жаттығудан ұлттық құраманың үздігі Милад Карими жеңіп алды.

Ал қола жүлдені ел қоржынына Дмитрий Патанин сыйлады.

Аталған сында күміс жүлдені ұлыбританиялық Люк Уайтхаус иеленді.

1-орын - Милад Карими (Қазақстан) – 14.766 ұпай

2-орын - Люк Уайтхаус (Ұлыбритания) – 14.566

3-орын - Дмитрий Патанин (Қазақстан) – 14.500

Айта кетелік, Милад іріктеу кезеңінде де еркін жаттығудан көш бастаған болатын. Ертең Карими тағы екі финалда өнер көрсетеді.

Дохадағы әлем кубогі кезеңінде ел намысын қорғап жатқан спортшылар:

- Милад Карими;

- Дмитрий Патанин;

- Диас Тойшыбек;

- Нариман Курбанов;

- Аида Бауыржанова;

- Дарья Ясинская.

Аталған турнир 17 сәуір күні басталған болатын. Ертең, яғни 20 сәуір күні мәресіне жетеді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер