Басқа

Ескек есу: Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Ескек есу: Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден іріктеу турнирінде қазақстандықтар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каномен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті.

Бұл сында тек қана бір квота ойнатылған болатын. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды.

Осылайша, қазақстандық экипаж Олимпиада лицензиясының иегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер