Басқа

Милад Карими спорттық гимнастикадан тағы 2 жаттығуда финалға шықты

Милад Карими спорттық гимнастикадан тағы 2 жаттығуда финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының кезеңінде Милад Карими тағы 2 жаттығуда жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Керме жаттығуында Ұлттық құрама спортшысы 14.466 ұпаймен екінші орынға тұрақтап, финалға өтті. Тағы бір гимнастымыз Дияс Тойшыбек үздік сегіз спортшының қатарына кіре алмады.

Сосын, қос сырық жаттығуында Париж Олимпиадасының жолдама иегері 4-сатыдан көрініп (14.566 балл) ақтық сынға жолдама алды. Ал Дмитрий Патанин іріктеумен шектелді.

Айта кетейік, кеше Милад еркін жаттығуда финалға шыққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер