Басқа

Байдарка мен Каноэде есуден Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар финалға шықты

Байдарка мен Каноэде есуден Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылар финалға шықты
news-banner7
mobile-news-top

Токиода (Жапония) байдарка мен каноэде есуден лицензиялық Азия чемпионаты басталды. Бүгін жарыс жолына шыққан спортшылардың барлығы финалға өтті.

Екі адамдық каноэде есуден (500 метр) Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров өз тобында бірінші орын алды. Сондай-ақ, бір адамдық байдаркада есуден Артем Терещенко финалға жолдама алды. Ол 200 метрге жарысудан бақ сынайды.

Бір адамдық каноэде есуден (200 метр) Виктор Степанов та жолдамаға таласады. Бекарыс Рахматулла мен Сергей Токарницкий 500 метрге екі адамдық байдаркамен есуден ақтық сынға өтті.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер