Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан екінші алтынды жеңіп алды

Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан екінші алтынды жеңіп алды

Бүгін Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аясында грек-рим күресінен жарыс өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстандық Ержет Жарылқасын 63 келі салмақта финалда өнер көрсетті. 2021 және 2022 жылдардағы Азия чемпионатының қола жүлдегері жапониялық Аята Сузукиге қарсы жекпе-жекте Ержет жеңіске жетті.

Осылайша, спортшы ел қоржынына екінші алтынды әкелді. Алғашқы алтынды еркін күресші Азамат Дәулетбеков жеңіп алды.

Айта кетейік, Жарылқасын жартылай финалда солтүстік кореялық Чанди Кимді 5:3 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или