Украина бірқатар ресейлік балуандарды Париждегі Олимпиада ойындарына қатыстырмауды талап етті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызУкраина ХОК-қа ресейлік балуандарды Олимпиада ойындарына қатыстырмау туралы хат жіберді.
Құжатқа Украинаның ҰОК, спорт министрлігі және спорттық күрес қауымдастығының басшылары қол қойды. Онда бірқатар спортшылар "бейтараптық талаптарын бұзады" делінген.
Олар: Заурбек Сидаков, Заур Угуев, Милада Алирзаев, Сергей Семенов, Надежда Соколова, Алина Касабиева, Ханум Велиева, Наталья Малышева және Артур Найфонов, сондай-ақ Беларусь спортшысы Ванесса Колодинская.