Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық, әлемнің 1246-ракеткасы, 18 жастағы Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 1001-орында тұрған Аустрия өкілі Мавие Остерейхермен жолықты.
Бірінші партияда Жиенбаева бет қаратпады — 6:1.
Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Соня Жиенбаева финалға шығу үшін словакиялық Каролина Мзариковамен таласады.
Ол ширек финалда отандасы, әлемнің 933-ракеткасы Ирина Балусты қапы қалдырды — 6:3, 6:4.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или