русский язык
Басқа

Ришат Хайбуллин бастаған спортшылар спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінде бақ сынайды

Ришат Хайбуллин бастаған спортшылар спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогінде бақ сынайды

Спорттық құзға өрмелеуден Қытайдың Уцзян қаласында өтетін әлем кубогі кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл сында Қазақстан атынан төрт спортшы өнер көрсетеді. Олар - Ришат Хайбуллин, Әмір Маймұратов, Тамара Олжабаева және Бекнұр Алтынбеков.

Турнир 12-14 сәуір аралығына жоспарланған. Жарысқа жалпы есебі 235 спортшы қатысады.

Айта кетелік, аталған спорт түрінен әлем чемпионатының тарихи жүлдесін Ришат Хайбуллин жеңіп алған. Ол 2019 жылы қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;