«Астананың» бұрынғы басшысы «Спартактағы» орнын босатты
Ағылшын маманы Пол Эшуорт мәскеулік клубтың спорттық және техникалық директоры болып қызмет атқарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Мәскеулік клуб 54-жасар маманның кететіні туралы жариялады. Ол ресейлік клубта спорттық және техникалық директор лауазымдарын атқарды.
«Полға жүзеге асырған жобалары үшін алғыс айтамыз және болашақта сәттілік тілейміз», — деген мәлімдемемен «Спартак» клубы ағылшын маманымен қой айтысты.
Эшуорт «Спартак» футбол клубында 2022 жылдан бастап жұмыс істеді. Бұған дейін аталмыш маман елордалық «Астана» клубында 2019-2020 жылдары қызмет атқарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или