русский язык
Күрес

Азамат Өміржанов Азия біріншілігінің кіші финалында ұтылды

Азамат Өміржанов Азия біріншілігінің кіші финалында ұтылды

Күрес түрлерінен Қырғызстан астанасы Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Азамат Өміржанов қола медаль үшін күресте тізе бүкті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркін күрестен 79 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Өміржанов кіші финалда өзбекстандық Асомиддин Хасановқа есе жіберді.

Екі балуан да болашақ финалист, моңғолиялық Баямбадорж Енхбаярдан жеңілген болатын.

Өміржанов жұбаныш белдесуінде жапон балуаны Рюнсуке Камиядан 6:2 басым түсті.

Осылайша, ол Азия біріншілігін 5-орында аяқтап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;