Елдос Сайдалин: Боксшы қыздарымызды оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр

Елдос Сайдалин: Боксшы қыздарымызды оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Астанада өткен спаррингтік турнирді қорытындылап, Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берді. 

"Турнир әділетті өтті. Әр салмақта жеңімпаз атанған қыздарымыз енді лицензиялық турнирге дайындалады.

Кейбір жекпе-жектер тең дәрежеде өткенін айта кету керек. Бұл біздің боксшылардың үлкен дайындықпен келгенін көрсетеді. Жас боксшыларымыз тәжірибелі спортшылардан айласын асырған кездер де тіркелді. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионы Ұлжан Сәрсенбек сөзіме дәлел. 

Енді бізді оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. 13-30 сәуір аралығында жалпы дене жаттығуына арналған жиын өтеді. Кейін жоспар бойынша лицензиялық сынға дайындықты жалғастырамыз", - деді Сайдалин. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или