русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық теннисші Мадридтегі турнирдің екінші айналымына өте алмады

Қазақстандық Денис Евсеев Мадридте (Испания) өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші турнирдің бірінші айналымында аустриялық Юрий Родионовтан 3:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.

Естеріңізге сала кетейік, Родионов екінші айналымда Д.Ринкон (Испания) - Б.Сапата Мираллес (Испания) матчының жеңімпазымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;