русский язык
Әлем футболы

Месси болашақ «Алтын доп» иегерлерін атады

Месси болашақ «Алтын доп» иегерлерін атады

Сегіз дүркін «Алтын доп» иегері, «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси алдағы жылдары осы жүлдеге таласатын ойыншыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Алдағы жылдары Холанд, Мбаппе және Винисиус сияқты ойыншылар арасында өте әдемі бәсекелестік болуы мүмкін. Менің ойымша, қазіргі уақытта «Барселонада» ойнайтын жас Ламин Ямал да болашақта осы жүлде үшін таласқа түсе алады.

Әрине, бұл жүлде үшін басқалар таласады, себебі біз әлі білмейтін жаңа ойыншылар болады. Менің ойымша, бұл біз рахаттанатын тамаша дәуір болады», - деп келтіреді Мессидің сөзін L'Equipe.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;