Қазақстандық спортшылар таэквондодан әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды
Бішкекте есту қабілеті нашар спортшылар арасында таэквондодан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандықтар 2 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды.
Ерлер арасында:
1 орын — Диас Рысбеков (54 кг);
2 орын — Аян Абдраш (58 кг);
2 орын — Ансар Орлов (63 кг);
2 орын — Руслан Ахметов (+80 кг);
3 орын — Мади Сейсенбаев (58 кг);
3 орын — Константин Небельцов (63 кг);
3 орын — Нурдаулет Жакып (68 кг);
3 орын — Арлан Жантемир (74 кг);
3 орын — Айбар Кайратулы (74 кг);
3 орын — Виктор Фрундин (+87 кг);
5 орын — Олжас Рысжанов (Пхумсе);
5 орын — Азамат Сансызбаев (57 кг);
5 орын — Тимур Кулесов (80 кг);
5 орын — Мадияр Карсакбаев (+87 кг).
Жалпы командалық есепте ерлер командасы 3-орынға ие болды. Оңтүстік Корея құрамасы бірінші, Өзбекстан құрамасы екінші орын алды.
Әйелдер арасында:
1 орын — Айжамол Абдикатова (57 кг);
2 орын — Асем Баймахан (62 кг);
3 орын — Зурлана Неупакоева (53 кг);
3 орын — Аяулым Женисбекова (53 кг);
5 орын — Виктория Протопопова (49 кг);
5 орын — Аделя Затаева (57 кг);
5 орын — Аида Макатова (67 кг);
5 орын — Молдир Мукашева (67 кг).
Айта кетейік, әлем чемпионаты 25-30 наурыз аралығында өтті.