Басқа

Ольга Довгун: Жолдама аламыз деген үміт әлі де бар

Ольга Довгун: Жолдама аламыз деген үміт әлі де бар
news-banner7
mobile-news-top

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы Риода өтетін лицензиялық әлем кубогіне дайындалуда. Бас бапкер Ольга Довгун жолдама алатын үміт әлі де бар екенін жеткізді, деп жазады Olympic.kz.

"Команда қазіргі таңда Шымкентте жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 24 наурызда бастадық. Мұнда Риоға аттанатын құрам толық жиналған. 7 сәуір күні Алматыдан Бразилияға дейінгі ұзақ сапарымыз басталады. Әрине, лицензия аламыз деген үмітіміз бар. Тағы да жолдама алғымыз келеді. Барлығын жарыс кезінде байқаймыз", - деді Довгун.

Еске салайық, Риодағы әлем кубогі кезеңі 11-20 сәуір аралығында өтеді.

Рио төрінде төмендегі спортшылар сынға түседі:

Арина Алтухова

Александра Ле

Ислам Сәтбаев

Никита Шахторин

Константин Малиновский

Елизавета Безрукова

Валерий Рақымжан

Эльдар Иманқұлов

Ирина Юнусметова

Руслан Юнусметов

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер