Басқа

Қазақстандық екі ауыр атлет Олимпиада лицензиясына таласады

Қазақстандық екі ауыр атлет Олимпиада лицензиясына таласады
news-banner7
mobile-news-top

31 наурыз бен 11 сәуір аралығында Таиландтың Пхукет қаласында ауыр атлетикадан лицензиялық Әлем Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапында сынға түсетін атлеттер:

Әйелдер:

49 кг: Айнұр Әбдіхалықова;

59 кг: Дарья Балабаюк;

+87 кг: Айсамал Сансызбаева.

Ерлер:

55 кг: Ерназ Алпысов;

89 кг: Сергей Петрович;

109 кг: Мейрам Сұлтан.

Париж ойындарының лицензиясы үшін Айнұр Әбдіхалықова мен Сергей Петрович таласады. Сергейге жолдама алуы үшін Азия құрлығындағы рейтингтегі ТОП 10-дыққа кірмейтін осы салмақтағы өзге спортшылар оның былтырғы көрсеткіші – 363 келіден көп көтермеуі қажет. Егер қарсыластары еңсерсе, Петровичке өз нәтижесін жақсарту керек.

«Жуырда Алматы облысында өткен оқу-жаттығу жиыны кезінде Сергей 375 кг еңсерді. Егер Таиландта осы көрсеткішін қайталаса, Олимпиада лицензиясын алатын жақсы мүмкіндігі бар. Біз бәріміз осы жарыстан жақсы жаңалық күтеміз»,-деді ерлер құрамасының бас бапкері Дәурен Бекмұханбетов.

Осы тұста Сергей Петрович С тобында (5 сәуір) бақ сынайды. Ал А және В тобы ертесіне, 6 сәуірде үздіктерді анықтайды. Яғни, жолдама тағдыры екі күндік сайыстан соң шешіледі. Айта кетейік, Қазақстан 1996 жылдан бері барлық ойынға ауыр атлетикадан спортшы апарған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер