Басқа

Эмма Тисина: Лицензиялық жарысқа нағыз бабымда барамын

Эмма Тисина: Лицензиялық жарысқа нағыз бабымда барамын
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Бішкекте өтетін лицензиялық турнирге дайындалуда. Команда мүшесі Эмма Тисина іріктеу сынына дайындықтың қалай өтіп жатқанын баяндады, деп жазады Olympic.kz.

Эмма Тисина 57 келіге дейінгі салмақтағы еліміздің бірінші нөмірлі спортшысы. Ол Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен соң, лицензиялық жарысқа қатысу мүмкіндігін алды.

«Құрамадағы бірінші нөмір болу маған қосымша күш береді. Қазір Таразда оқу-жаттығу жиыны басталды. 24 наурыз бен 11 сәуір аралығында өтеді. Жиынға Азия чемпионатына баратын балуандар да қатысып жатыр. Жаттығу аяқталған соң, дайындықты Бішкекте жалғастырамыз.

Дайындық деңгейі жақсы. Қатарынан үшінші жаттығу жиынына қатысып жатырмыз. Түркиядағы халықаралық турнирге де қатысып үлгердік. Жарыстан қорытынды шығарып, жаттығу кезеңіне өзгеріс енгіздік.

Бүгінде мен физикалық және тактикалық жағынан кемелдену үшін жұмыс істеудемін. Турнирге бабымда барамын деп ойлаймын», - дейді Тисина.

Айта кетелік, Бішкектегі лицензиялық турнир 19-21 сәуір аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер