Семсерлесуден әлем кубогі: Қазақстан командасы Олимпиада чемпионын жеңіп, жартылай финалға өтті
Семсерлесуден Қазақстан командасы Тбилисидегі (Грузия) әлем кубогі кезеңінде жеңіліссіз келеді, деп жазады Olympic.kz.
Шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы ширек финалда Олимпиада чемпионы, әлем үздігі саналатын Жапония құрамасымен кездесті.
Аталған сында қазақстандықтар 45:30 есебімен сенімді түрде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстан құрамасының командалық сында тарихи жолдамаға қол жеткізгені белгілі болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или