Қазақстан Финляндияда өткен халықаралық турнирде жүлдегер атанды
Өткен демалыс күндері Финляндияда эстетикалық топтық гимнастикадан жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астаналық Alan-Junior командасы «Espoo AGG Cup» халықаралық турнирінде жасөспірімдер арасында қола жүлдегер атанды. Бірінші және екінші орындарды Финляндия құрамалары иеленді. Жарысқа 12 елден 55 команда қатысты.
Әлем чемпионатында біздің Alan-Junior құрамасы үздік бестікке енді.
Команда құрамы: Аиша Мухитбекова, Рауана Альбекова, Варвара Кондратенко, Дарина Нақып, Ислана Русланқызы, Әлнұр Болатбек, Лилия Юн, Софья Юн и Адина Орынбай,тренер Аяулым Акмурзина.
Бұл гимнасттардың жаңа бағдарламамен өнер көрсеткен биылғы маусымдағы алғашқы халықаралық жарысы.
Дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан негізгі жарыс 2024 жылдың қазан айында Гонконгта өтеді.