Қазақстан тағы бір Олимпиада лицензиясын жеңіп алды
Таэквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров Тайань қаласында (Қытай) өткен іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай финалда филиппиндік Курт Брайан Барбосаны жеңді. Осылайша қазақстандық 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лицензия иегері атанды.
Айта кетейік, бұған дейін лицензияны Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) жеңіп алған болатын. Кейінірек Жансел Дениз 67 келіден асатын даянг жүлдесін сарапқа салады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или