Голландиялық «Ред Булл» шабандозы «Формула-1» іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Голландиялық «Ред Булл» шабандозы «Формула-1» іріктеу кезеңінде жеңіске жетті

Бахрейндегі (Сахир) Формула-1 Гран-приіне іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үздік нәтижені «Ред Булл»командасының шабандозы Макс Ферстаппен көрсетті. Екінші орынды «Феррари» шабандозы Шарль Леклер алды. үшінші нәтижені «Мерседес» шабандозы Джордж Рассел көрсетті.

Үшінші сегменттің нәтижелері:
1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 1:29.179.
2. Шарль Леклер («Феррари») 1:29.407.
3. Джордж Расселл («Мерседес») 1:29.485.
4. Карлос Сайнс («Феррари») 1:29.507.
5. Серхио Перес («Ред Булл») 1:29.537.
6. Фернандо Алонсо («Астон Мартин») 1:29.542.
7. Ландо Норрис («Макларен») 1:29.614.
8. Оскар Пиастри («Макларен») 1:29.683.
9. Льюис Хэмилтон («Мерседес») 1:29.710.
10. Нико Хюлькенберг («Хаас») 1:30.502.
Бахрейндегі Гран-при жарысы 2 наурызда Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или