Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың финалына жолдама алды

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың финалына жолдама алды

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткалары Жібек Құламбаева мен үндістандық Анкита Раина жартылай финалда тағы бір корт иесі Рия Бхатия — жапониялық Митика Озекимен сынға түсті. Қазақстандық-үндістандық жұп 7:5, 6:2 есебімен басымдылық танытты.

Құламбаева – Райна финалда доданың 2-ракеткалары, швециялық Жаклин Кабай Авад – литвалық Юстина Микульскитемен чемпиондық атақты сарапқа салады. Бұл дуэт тартысты бәсекеде оңтүстіккореялық Ён Ву Ку – латвиялық Диана Марцинкевичті қапы қалдырды – 7:6 (9:7), 7:5.

Жекелей сында әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 527-орында тұрған оңтүстіккореялық Ён Ву Куге жол берді – 0:6, 3:6. Бұған Жібектің үш күннен бері күніне екі ойыннан өткізіп жүргені де әсер еткен болуы ықтимал. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Құламбаеваның Үндістандағы жарыста жеңіліссіз келе жатқанын жазған едік. Сондай-ақ қазақстандық теннисші қатарынан 17 матчта жеңіске жетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или