русский язык
Бокс

Геннадий Головкин Мемлекет басшысымен кездескеннен кейін мәлімдеме жасады

Геннадий Головкин Мемлекет басшысымен кездескеннен кейін мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 29 ақпан күні, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан президенті ұйым алдындағы міндеттерге тоқталып, ҰОК-тің жаңа құрамына қойылатын басты талаптарға тоқталды.

Әсіресе, Мемлекет басшысы Халықаралық Олимпиада комитеті мен өзге де әлемдік спорттық ұйымдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына мейілінше көбірек жолдама алып, төртжылдық додасында ел намысын абыроймен қорғауға тілектестік білдірді.

Сөз соңында ол Геннадий Головкиннің үлкен спорттағы мол тәжірибесі отандық спорттың игілігі үшін жұмсалатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде ҰОК жаңа басшысы Геннадий Головкин ел президентіне алғыс білдіріп, өзіне артылған сенімді ақтау үшін бар күшін салатынын айтты.

«Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық Олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, Президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді», - деді Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;