русский язык
Басқа

Стенд ату: отандық мергендер Катардағы Гран-при турнирінен үш медаль жеңіп алды

Стенд ату: отандық мергендер Катардағы Гран-при турнирінен үш медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Стенд атудан Катарда өтіп жатқан «Әмір Гран-приі» халықаралық турнирінде қазақстандық спортшылар үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

22 ақпанда Катар астанасы Дохада басталған жарыста әлемнің 30 мемлекетінен 300-ден аса спортшы бақ сынауда.

Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды. Оның біреуі - күміс, екеуі - қола жүлде.

"Трап" бағдарламасы бойынша өткен жекелей сында Мария Дмитриенко күміс медаль иеленді.

Ал жасөспірімдер арасындағы бәсекеде Никита Моисеев пен Анита Нұрланова қола жүлдегер атанды.

Қазақстан атынан жалпы есебі 36 спортшы сынға түсіп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;